Ұлттың денсаулығы

2050 Стратегиясы аясында халықтың өмір сүру ұзақтығын 80-нен асыру керек – С.Қайырбекова

2050 Стратегиясы аясында халықтың өмір сүру деңгейін 80-нен асыру керек. Бұл туралы ҚР Президенті Жолдауының іске асырылу барысы жайлы республикалық кеңесте ҚР Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова мәлімдеді.
Астана қаласы28 Ақпан , 11:40

«2014-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының екінші кезеңі Мемлекет басшысның Жолдауында толықтай айтылған. Президент біздің алдымызға әлемнің алдыңғы қатарлы 30 елінің қатарына ену тралы міндетемесін жүктеді. Ол үшін бізге халықтың өмір сүру деңгейін 80 жасқа жеткізуіміз керек», - деді министр.

Оның айтуынша, Қазақстан Медициналық туризмнің еуразиялық орталығына айналып, алдағы уақытта алғашқы медициналық-санитарлық көек қызметін дамытуға көңіл аударуы қажет. Сонымен қатар ұсыныс енгізу мен сақтандыру моделін енгізу мүмкіндігі қарастырылу керек.

«Жекелеп қаржыландыруға өту, дифференцияланған еңбек төлемін енгізу, қорды қамтамасыз етудің кезеңдік жұмысы осы саланы елімізде түбегейлі өзгертуі керек. Биылғы жылдың атқарылар шаралары алғашқы медициналық-санитарлық көмек қызметін дамытып, амбулаториялық деңгейде науқастардың 80 пайызына қызмет ететін денсаулық сақтаудың жетекші саласына айналуы тиіс», - дейді еліміздің бас дәрігері.

Министрдің айтуынша, ҚР ДСМ-де алғашқы медициналық-санитарлық көмек қызметіне ведомства медициналық қызметтің кепілдендірілген көлемінің 17 пайызын арнайды. 2020 жылға дейін бұл көрсеткішті 40 пайызға өсіру жоспарланған.




Яндекс.Метрика