Ұлттың денсаулығы

Онкоаурулардың ұлттық тізіміне 146 мың пациент тіркелген - С. Қайырбекова

Бүгінгі таңда ұлттық онкологиялық ауруға шалдыққандар тізіміне 146 мың пациент әлеуметтік маңызы бар дерттер бойынша тіркелген. Бұл туралы бүгін ҚР Президентінің халыққа Жолдауын жүзеге асыру барысына арналған ресубликалық жиналыста ҚР Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова мәлім етті.
Астана қаласы28 Ақпан , 11:32

«Бүгінгі таңда ұлттық тізімге онкологиялық ауруға шалдыққандар тізіміне 146 мың пациент әлеуметтік маңызы бар дерттер бойынша тіркелген. Біз бюджеттік қаржыны жоспарлаудан статистикалық мәліметтерге сүйене отырып аталмыш науқастарды емдеу әдісіне көштік», - деді  министр.

Оның айтуынша, өткен жылы пилоттық режимде ауруды басқару бойынша бағдарлама жүзеге асырыла бастады.

«Бұл бағдарламалардың негізгі мақсаты - ауруды емдеуден халық арасында алдын-ала сақтық шараларын жүргізуге көшу және денсаулыққа жауапкерілікпен қарауға үгіттеу. Ағымдағы жылы осы бағдарламалар жалғасын табады», - деді С.Қайырбекова.

 




Яндекс.Метрика