Адами капитал

«Нұр Отан» «Мәңгілік Елді» насихаттау бойынша үлкен идеологиялық жұмыс күтеді – А.Башмаков

«Нұр Отан» партиясы «Мәңгілік Елді» гуманитарлық концепциясын насихаттау бойынша үлкен идеологиялық жұмыс күтеді, дейді ҚР Парламент Сенатының депутаты, партияның саяси кеңесі мүшесі Анатолий Башмаков.
Астана қаласы28 Ақпан , 17:30

Қазақстан халқына Жолдауында айтылған Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Мәңгілік Ел» гуманитарлық концепциясында «Нұр Отан» партиясы Доктринасының құндылықтары мен идеясының арасында саяси және философиялық тікелей байланыс бар. Менің ойымша, партия мүшелері өздерінің барлық қажыр-қайратымен «Мәңгілік Ел» және партия доктринасын іске асыруға үлес қосулары керек», - дейді депутат.

Сенатордың айтуынша, «Нұр Отан» құрылғаннан бергі 15 жылда ірі революциялық өзгерістер орын алды.

«15 жыл партия үшін үлкен уақыт емес. Менің пікірімше, «Нұр Отан» әу бастан алған қарқынынан бүгінге дейін айныған емес. Сол себепті партияның туған күнінде партия мүшелеріне денсаулық пен бақыт тілеймін», - деп құттықтады Анатолий Башмаков.




Яндекс.Метрика