Ұлттың денсаулығы

2018 жылы ҚР-да сәби өлім-жітімі Еуропа елдерінің деңгейіне дейін төмендейді – С. Қайырбекова

2018 жылы ҚР-да сәби өлім-жітімі Еуропа елдерінің деңгейіне дейін төмендейді. Бұл туралы Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыруға арналған республикалық отырыс барысында Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова мәлімдеді.
Астана қаласы28 Ақпан , 11:20

«Барлық өзге дамыған елдерде сияқты денсаулық сақтау жүйесі өзін өзі басқару дәрежесіне жетуі керек. Бұл орайда біз жол картасымен жұмыс істеуді жүзеге асырудамыз», - деді С. Қайырбекова.

Оның мақсатын жүзеге асыру үшін министрдің айтуынша, 2050 жылға арналған ұзықмерзімді жоспарлау бойынша Еуроодақ елдеріндегі орташа көрсеткіш анықталған.

«Толық көрсеткішке жету үшін 80 және одан жоғары жыл қажет, Мемлекет басшысы атап өткендей, біз табиғи өсімнің дәрежесін тұрақтандыруымыз қажет», - деді ол.

Айта кетерлігі, елдің табиғи өсімі 3,6 пайызға өскен, бұл 2012 жылмен салыстырғандағы көрсеткіш.

«Жаһандық индекстің басты индикаторы елдің бәсекеге қабілеттілігі, ол сәби өлім-жітімі бойынша анықталады. Көрсеткіштің төмендеуіне байланысты 2008 жылдан 2018 жылға дейін Еуроодақ елдерінің дәрежесіне жетеміз. Біздің көрсеткіш 1000 нәрестеге  3,5  пайызын көрсететін болады», - деді С. Қайырбекова.

 Сонымен қатар, 2001 жылғы көрсеткіштен бастап алғанда қан айналымы ауруы бойынша өлім көрсеткіші төмендеп келеді, деп министр атап өтті. Сондай-ақ, мемлекет Еуроодақ елдерінің көрсеткішіне барынша жақындағанын және  2020 жылға карай ол болжанған көрсеткішке сай болатынын тілге тиек етті.

Ал, онкологиялық аурулардан өлім көрсеткіші туралы айтатын болсақ, С.Қайырбекованың айтуынша бүгінгі динамиканы есепке ала отырып онкологияны дамыту бойынша бағдарлама аясында мықты орталықтар құру аясында 2020 қарай біздің көрсеткіштеріміз дамыған 30 елдің деңгейінде болады. 




Дерекнама

Яндекс.Метрика