Ұлттың денсаулығы

Стационарлар рейтингі медициналық қызмет көрсетудің ашықтығын қаматамасыз етуге бағытталған – ДСМ

Стационарлар рейтингі медициналық қызмет көрсетудің ашықтығын қаматамасыз етуге бағытталған. Бұл туралы ҚР Президенті Жолдауының іске асырылу барысы жайлы республикалық кеңесте ҚР Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова мәлімдеді.
Астана қаласы28 Ақпан , 11:15

«Өткен жылы министрлік стационарларды бағалаудың рейтингтік жүйесін енгізді. Жұмыс, бірінші кезекте, медициналық қызмет көрсетудің ашықтығын қаматамасыз етуге бағытталған. Осылайша медициналық қызмет ұсынатындарда ем нәтижесі мен сапасына деген жауапкершілік қалыптастырылуда», - дейді министр.

Оның айтуынша, «постдипломды оқытудың жинақтық несие-сағаты жүйесі академиялық деңгейдегі дәрігерлер мен білікті категорияларды алу мақсатында енгізілді».

«Сонымен стационарлар бөлінген қаражатты игеруде барынша өзіндерінше жұмыс істеуде. Қызмет пен кәсіптік деңгейге байланысты жоғарғы деңгейдегі менеджментті стационарлар мен  дифференцияланған еңбек төлемі енгізіле бастады», - дейді Бас дәрігер.

Министрдің айтуынша, осыны енгізудің арқасында медиктерді ынталандыруға жол ашылады.

«Тиімді менеджментегі еңбекақы төлемі жүйесі медициналық қызметкерлердің барынша сапалы жұмыс істеуіне жағдай жасайды. Нәтижесінде медициналық ұйымдар мен өңіррлік деңгейдегі бірінші жетекшілердің рөлі арта түсуде», - деді ведомство басшысы.




Яндекс.Метрика