Ұлттың денсаулығы

Төсек орын қоры 13 мыңнан астам төсекті науқастардың қажеттілігі бойынша өзгертті - С. Қайырбекова

Қазақстанда төсек қоры 13 мыңнан астам төсекті науқастардың қажетілігі үшін қайта өзгертті. Бұл туралы бүгін ҚР Президентінің халыққа Жолдауын жүзеге асыру барысына арналған респибликалық жиналыста ҚР Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова мәлім етті.
Астана қаласы28 Ақпан , 11:00

«Бүгінде емделуші өзінің ауруханаға жатқызуын эклектронды портал «Ауруханаға жатқызу бюросы» арқылы өзі басқарады. Бүгінде осы басқару түрі төсек қорын дұрыс бөлуге мүмкіндік берді. Стационарлардың өздерінің ұсынысымен қажет емес профиль бойынша 10 мың төсек орын қысқартылды, ал науқастардың қажеттілігі бойынша 13 мыңнан астамы өзгертілді», - деді Салидат Қайырбекова.

Оның айтуынша, қазіргі таңда төсек орны өзгертілетін көп салалы стационарлар дамытылуда.

«Төсек орнының айналымы, ем қабылдау уақытының азаюы бюджет қаражатын тиімді жұмсауға септігін тигізді. Жыл сайын 2 млрд. теңге көлемінде қомақты қаражат жоғары технологияларды дамытуға бағытталуда», - деді министр.




Дерекнама

Яндекс.Метрика