Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

«Нұр Отан» мен үшін - Теміртау қаласы, металлургия және менің Президентім - А.Алпысбаев

«Нұр Отан» партиясы мен үшін - ол Теміртау қаласы, металлургия және менің Президентім, деп «АрселорМиталл Теміртаудың» домна цехының көрікшісі, партияның «партияның 50 келбеті» жобасына қатысушы Әлібек Алпысбаев ағынан жарылды.
Қарағанды28 Ақпан , 10:30

«Екі жоғарғы білімім және мансап бойынша өсуге мүмкіншілігім болса да мен металлург боламын деп шештім. Жұмыс оңай емес. Алайда Президенттің үлгісіне қарай отырып, күнделікті жұмыстан ауыртпалығын сезіне отырып көрікші болып қызмет етемін. Бұл маған күш береді. Әліде болса шыдамдылыққа, еңбекқорлыққа үйреніп келемін. Бұл жолдан Президентте өтті», -  деп Әлібек Алпысбаев атап өтті.

Оның айтуынша, «Нұр Отан» партиясы Қазақстанның жас және тәуелсіз  өзі болып табылады.

«Мен үшін партия - ол біздің металлургтар - кезекші көпұлтты ұжым, біздің ардагерлер, біздің Теміртау қаламыз және тарихымыз. Сонымен қатар, Партия мен үшін біздің Президент, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі», - деді А. Алпысбаев.

Партияны 15-жас мерей тойымен құттықтай отырып жас метталлург   «Нұр Отан» партиясы жастарды дамытуға ерекше ден қою керек деп атап өтті.

«Қазіргі таңда жастар, оның ішінде ауыл жастары мамандығы бойынша жұмыс таба алмай жүр. Сондықтанда партияның осы мақсаттағы жұмысы күшейтілсе деп едім», - деп А. Алпысбаев түйіндеді.

 

 

 




Яндекс.Метрика