Ұлтаралық бірлік

ҚКХП Қазақ Елі деп мемлекет атауын өзгерту жайлы өз ұстанымын анықтады - Ж.Ахметбеков

Қазақстанның коммунистік халықтық партиясы Қазақ Елі деп мемлекет атауын өзгертуге өзінің ұстанымын белгіледі, деп «Strategy2050.kz» АА тілшісіне берген сұхбатында ҚКХП хатшысы Жамбыл Ахметбеков мәлім етті.
Астана қаласы28 Ақпан , 09:45

«Мемлекет атауын Қазақ Елі деп өзгертуге біздің саяси партиямыз өзінің ұстанымын белгіледі. Біз әрқашан қоғаммен мемлекеттікке байланысты қандайда бір жаңашылдық туатын болса оны референдум арқылы халықпен талқылау керек деген ұстанымымызға берікпіз», - деді Ж. Ахметбеков.

ҚКХП хатшысының пайымынша,  Қазақ Елі деп өзгерту  - ол дұрыс шешім.

«Егер, естеріңізде болса, кеңестік заманда біз Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы деп аталған болатынбыз. Егер, «социалистік» және «кеңестік» деген сөзді алып тастайтын болсақ онда аталмыш атау осыған дейін болған болып шығады. Біз оны 1991 жылы Қазақстандеп өзгерткенде жойған болатынбыз. Ал, қазір біз мемлекетімізді Қазақ республикасы деп атын өзгерткенге ұмтылудамыз», - деп ол атап өтті.

«Жеке өз басым Казахстанды Қазақ республикасы деп өзгерткенін қолдаймын», - деп Ж. Ахметбеков толықтырды.

Оның айтуынша, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы халық ұмтылатын жарық жұлдыз болып табылады.

««Мәңгілік Ел» идеясы стратегиялық жоспар бойынша дұрыс, әр мемлекет даму барысында жақсылыққа ұмтылуы керек. Ал, бұл идея қоғам ұмтылатын жақсылықтар үшін қызмет ететін болады», - деп ҚКХП хашысы түйді.




Яндекс.Метрика