Өңірлер

Барлық қазақстандық ел тағдырына жауапты – С.Рамазанов

Бүгінде барлық қазақстандық, барлық партия мүшелері өздерінің ел алдындағы жауапкершіліктерін терең түсініп, жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастырулары керек, дейді «Нұр Отан» партиясының Екібастұз бөлімшесі төрағасының бірінші орынбасары Самат Рамазанов.
Павлодар28 Ақпан , 09:30

«Ұлт көшбасшысының жаңа Жолдауының ауқымдылығы мен мазмұны «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асырудың ұзақмерзімді бағыттарын айқындауға негізделіп, ел дамуының басым бағыттарында нақты қадамдарды алға тартады», - дейді С.Рамазанов.

Оның айтуынша, «Қазақстан-2050» Стратегиясының басты міндеті – «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы айналасына топтаса отырып Қазақстанды әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына сүйреу.

«Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың күн тәртібіне қойған маңызды мәселелері «Қазақстан-2050» Стратегиясының міндеттемелерін іске асыру шарттарында партияның барлық жұмысының жаңаша сипат алып, партияның болашақтағы қызметінің стратегиялық жаңаша сипат алуын талап етеді. Біздің саяси сауатымыз бен рөліміз Стратегияыны іске асыруда жалпыхалықтық қолдауды қамтамасыз етеді», - дейді С.Рамазанов.

Екібастұз бөлімшесі төрағасының бірінші орынбасары Самат Рамазановтың айтуынша, «Нұр Отан» партиясы құрылған алғашқы күннен бастап ел өміріне ауқымды реформалар мен өзгерістер әкеліп, адам мен қоғамның мемлекеттің өмірінің жақсаруы жолында экономикалық және саяси бастамаларды қолға алды.

«Бүгінде барлық партия мүшелерінің алдында, барлық қазақстандықтардың мойнында ел алдындағы жауапкершіліктерін терең түсініп, жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру міндеті жүктелген», - деп сөзін аяқтады С.Рамазанов.




Яндекс.Метрика