Адами капитал

Астанада ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің арасында бокстан алғашқы чемпионат өтті

Астанада ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің арасында өткен бокстан алғашқы ашық чемпионат аяқталды.
Астана қаласы 28 Ақпан, 09:15

Біріншілікке өңірлік қолбасшылықтарынан, сондай-ақ әскер тектерінен, құрамалар мен бөлімдерден 10 команда қатысты, деп ҚР Қорғаныс министрлігінде хабарлады.

Елорда төрінде төрт күн бойы сегіз салмақ дәрежесінде 68 боксшы чемпиондық атаққа кім лайықты екенін өзара сарапқа салды.

Ал, командалық есепте жүлделі бірінші орынды Аэроұтқыр әскерлерінің боксшылары иеленсе, екінші орынды Отар 40-шы әскери базасының былғары қолғап шеберлері еншіледі. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының командасы үшінші орынға табан тіреді.

 





Яндекс.Метрика