EXPO-2017

Біз мемлекеттің алдына қойған мақсаттарына жетуде өзіміздің жауапкершілігімізді сезінеміз - «Astana Solar» бас директоры

«Astana Solar» ЖШС, жоғары технологиялық өндірістің өкілі және бірінші отандық фотоэлектрлі модульдерді өндіруші ретінде мемлекетіміздің алдына койған мақсаттарына жетуде өз жауапкершілігін сезінеді, деп ЖШС бас директоры Вячеслав Советский ағынан жарылды.
Астана қаласы28 Ақпан , 09:00

«Қазақстан халқына биылғы Жолдауда біздің мемлекетіміздің басты бағыттары көрсетілген - жаңа технологияларды дамытуға көңіл бөлу және қазақстандық негізгі салаларды инновациялық жетілдіру. «Astana Solar» ЖШС, жоғары технологиялық өндірістің өкілі және бірінші отандық фотоэлектрлі модульдерді өндіруші ретінде мемлекетіміздің алдына койған мақсаттарына жетуде өз жауапкершілігін сезінеді», - деді В. Советский.

Оның айтуынша, Президент Нұрсұлтан Назарбаев батыс елдеріндегі «жасыл» экономиканы жүзеге асырудағы қателіктер мен технология трансфертін және шетелдік білімді ескеру керек екендігін атап өткен.

 «Күн энергетикасы саласындағы шетелдік жетекші ғылыми орталықтармен ынтымақтастық орнату аясында «Қазатомпром» АҚ 2 жылда еліміз үшін жаңа саланы қалыптастырып, «Astana Solar» ЖШС өнімін әлемдік нарық үшін сертификаттап берді», - деп ол баса айтты.

«Astana Solar» ЖШС бас директоры атап өткендей, болашақ энергиясына арналған ЭКСПО-2017 көрмесі hi-tech саласында үлкен серпіліс жасау үшін берік тірек болмақ.

«Оның тақырыбы Astana Solar-дың қызметімен тығыз байланысты. Мемлекет басшысы Жолдауда ЭКСПО-ның «жасыл» экономика тұжырымдамасын дамытуда және болашақ энергиясы саласында ізденістерге тигізір септігі мол деп атап өтті. Осы ретте бізде аталмыш маңызды оқиғаға өз үлесімізді қосатын боламыз», - деп В. Советский түйіндеді.




Дерекнама

Яндекс.Метрика