Басқару

С.Ахметов Қаржы министрлігіне 2014 жылдың 1 шілдесіне дейін Салық кодексіне өзгерістер енгізіп, ҚР Парламентіне ұсынуды тапсырды

Бүгін Қаржы министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында ҚР Үкімет басшысы Серік С.Ахметов Қаржы министрлігіне 2014 жылдың 1 шілдесіне дейін Салық кодексіне өзгерістер енгізіп ҚР Парламентіне ұсынуды тапсырды.
Астана қаласы 27 Ақпан, 18:20

«Салықтық заңнаманы жетілдіру жұмыстарына министрлікте тар ведомствалы әдіс байқалуда. Салалық мемлекеттік органдардың ұсынысы құлықсыз қаралуда. Қаржы министрлігі екі жылдан астам уақыт бойы агроөнеркәсіптік кешендегі салық салу реформасы мәселелерін қарады. Министрлік осынау жұмысқа дереу араласып, биылғы жылдың 1 шілдесіне дейін Салық кодексіне өзгерістер енгізуі керек», - деді С.Ахметов.

Оның айтуынша, салықтық әкімшілік түбегейлі өзгерістерді қажет етеді. Әсіресе бұл экономика секторы мен қызмет саласындағы көлеңкелі айналымның жоғары үлесіне қатысты.

 «Бұған Мемлекет басшысы 14 ақпанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында жауап берді. Жалпыжүйелік шара ретінде салық төлеуден және кедендік төлемдерден бастарту анықталды. Мұнда ҚҚС бойынша әкімшілік жүйесі де тиімсіз, экспорттық-импорттық операцияларда жетілдірілмеген, салықтық тексерулердің ашықтығы мен сапасыда нашар, салық бойынша борышын өтеу бойынша механизмде жетілдірілмеген», - деп ол түсіндіріп өтті.





Дерекнама

Яндекс.Метрика