Өңірлер

Партия ардагері Б. Жұмабеков «Нұр Отанның» I Съезі туралы әңгімеледі

Партия ардагері, Қарағанды және Астана қалаларының «Сары Арқа» аймақаралық көлік бақылау инспекциясының жетекшісі Болат Жұмабеков «Нұр Отан» партиясының I Съезіне қатысуы туралы айтып берді.
Қарағанды27 Ақпан , 18:19

Болат Жұмабеков Қарағанды қаласынан келген  30 адамнан тұратын делегация құрамында партияның I Cъезіне қатысқан, деп «Нұр Отан» партиясының реси сайтынан хабарлады.

«Менің есімде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сөз сөйлеуі мен партия билеттерін салтанатты түрде беру рәсімі ерекше қалды», - деп Б. Жұмабеков атап өтті.

Оның айтуынша, қазіргі таңда Қарағанды облысы бойынша филиалдарында 100 мыңға жуық адам бар.

«Қазіргі таңда «Нұр Отан» елімізде жүргізіліп жатқан экономикалық және саяси реформаларға жан-жақты қолдау көрсетіп жатқан -  бүкілхалықтық партия деп сенімді айтуға болады», - деді пария ардагері.

Сонымен қатар, Б. Жұмабеков облыстық филиал бойынша Елбасының «Қазақстан жолы - 2050:Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» халыққа Жолдауын жүзеге асыру бойынша жұмыстар жасалып жатқанын тілге тиек етті.

«Жолдау шын мәнінде елімізді дамыту бойынша бас жоспар болды. Мен алға қойған міндеттерімізді болашағымызбен, еліміздің гүлденуі үшін жүзеге асыра алатынымызға сенімдімін!», - деп Б. Жұмабеков баса айтты.




Яндекс.Метрика