Өңірлер

Алматыда Индустриялды аймақтың 8 жобасы мақұлданды

Бүгін Алматыда қала әкімі Ахметжан Есімовтың төрағалығымен Алатау ауданындағы Индустриялды аймақ құрамына енетін инвестициялық жобалар іріктелді.
Алматы қаласы27 Ақпан , 18:15

Қала басшысы компаниялар қатаң іріктеуден өтіп, олардың өтініштері сараланып, бәсекелестікке қабілеттілігі анықталады.

«Қазір бізде Индустриялды аймақтан орын алушылар қатары жеткілікті. Бұл өнеркәсіптер аз уақыт аралығында жұмыс орындарын ұсынып, толық қуаттылыққа шыға алулары тиіс. Индустриялды аймақтың кәсіпорындары импорттық ауысымды қамтамасыз етуге бейім болып келуі тиіс», - деді А. Есімов.

Сондай-ақ, қала басшысы Индустриялды аймақтағы  ірі өнеркәсіп кәсіпорындардың рөліне де тоқтап өтті. Бұл экологиялық және көліктік қысымды жеңілдететін болады.

Жиын соңында 45,5 млрд теңгенің 8 жобасы мақұлданды. Алдын ала жоспар бойынша, бұл 1800 жұмыс орнын ашуға қамтамасыз етеді. Қалған екі жоба одан әрі жетілдіретін болады.

Айта кетейік, 2013 жылдың қарашасында өндіріс және құрылыс индустриясы, жиһаз, фармацевтикалық сала бойынша 13 жоба мақұлданды. 




Дерекнама

Яндекс.Метрика