Ұлтаралық бірлік

«Нұр Отан» партиясы әр түрлі этностарды қазақстандық халыққа біріктіреді – Ахмет Мұрадов, депутат

Ең бастысы, «Нұр Отан» партиясы толерантты, қазіргі таңда оның құрамына Қазақстанда тұратын түрлі этнос өкілдері кіреді, деп есептейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Вайнах» шешен және ингуш халықтарының мәдениетін дамыту қауымдастығының төрағасы Ахмет Мұрадов.
Астана қаласы27 Ақпан , 17:30

«Бүгінде  «Нұр Отан» Қазақстан халықатырының ішінде бірлік және ынтымақтастық туралы саясатын белсенді жүргізуде. Ең бастысы, «Нұр Отан» партиясы  толерантты, қазіргі таңда оның құрамына Қазақстанда тұратын түрлі этнос өкілдері кіреді. Ал, ол біздің халықты біріктіретін фактор болып табылады», - деді Ахмет Мұрадов.

Оның пайымынша, соңғы жылдары партия елімізде болып жатқан оқиғалар бойынша өзінің жауапкерлігін арттырды.

««Нұр Отан» партиясының көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев партия жұмысына серпін береді. Соның арқасында халықтың бізге деген сенімі артты», - деп депутат атап өтті.

Халық қалауы баса айтқандай, партия елдімекендердегі тұрғындарменде  белсенді жұмыс істеуде.

«Партия қоғамдық институттармен жұмыс істейді және жергілікті жұртпен партияның қоғамдық қабылдауы арқылы кездесулер өткізеді. «Нұр Отан» партиясын 15 жылдық мерей тойымен құттықтаймын! Толайым табыс пен биік белестерді бағындыруына тілектеспін!», - деді Ахмет Мұрадов.

 

 




Яндекс.Метрика