Тәртіпсіздікке мүлде төзбеушілік принципін енгізу

Астаналық көлік жүргізушілер жол жиегіне қоқысты жиі тастайды

Астаналық көлік жүргізушілер жол жиегіне қоқысты жиі тастайды. Бұл туралы Астана қалалық ІІД Жол полициясы басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Нұр-Сұлтан05 Наурыз , 00:00

Демалыс күндері жол полицейлері жол қозғалысын қадағалау кезінде 1399 жол қозғалысы ережелерінің бұзушылығын анықтады:

142 - жылдамдықты арттыру, 30 – жолдың қарсы бетіне шығу, 106 – ұялы телефонды пайдалану, 27 – жаяу жүргіншілер жолын кесу, 209 – жол жиегіне қоқыс тастау, 160 – жаяу жүргіншілердің жол ережелерін бұзу, 139- қауіпсіздік белдігін тақпау фактілері.

Еске сала кетсек, ҚР ЖҚЕ 2.7.6 тармағына сәйкес жол жиегіне қозғалысқа кедергі келтіретін қоқыс пен заттарды тастауға тыйым салынады. Бұл талаптың жол қозғалысының барлық қатысушыларына қатысы бар. 

ҚР ЖКЕ 2.7.6 тармағының талаптарын бұзғаны үшін ҚР Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодексінің 476 бабына сәйкес 0,5 АЕК (865 теңге 50 тиын) көлемінде айыппұл салынады. 




Яндекс.Метрика