Басқару

2014 жылы Қаржы министрлігі бюджеттік қаражатты тиімді қолдануды бақылау жұмыстарын жандандырады

2014 жылы ҚР Қаржы министрлігі бюджеттік қаражатты тиімді қолдануды бақылау жұмыстарын жандандырады, деп мәлімдеді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – қаржы министрі Бақыт Сұлтанов ҚР Үкімет басшысы Серік Ахметовтың қатысуымен өткен ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінде.
Астана қаласы27 Ақпан , 17:15

«2014 жылы ҚР Қаржы министрлігі бюджеттік қаражатты тиімді қолдануды бақылау жұмыстарын жандандырады, соның ішінде мемлекеттік және салалық бағдарамаларға бөлінген қаражатты қараймыз. Президенттің тапсырмасын іске асыруда мемлекттік аудит енгізу жұмыстары жүргізілуде», - дейді Б.Сұлтанов.

Оның айтуынша, бюджет қаражатын тиімді жұмсау мемлекеттік қаржының ашықтығы мен сақталуын қамтамасыз етудің басым бағыттары болып табылады.

«Өткен жылы 580 млрд теңге көлеміндегі мемлекеттік сатып алу процедурасы мен бюджеттік заңнаманы бұзу анықталған. Бұл көлсеткіштің 2012 жылы 552,9 млрд теңге болғаны анық.  Процессуалды шешім қабылдау үшін құны 111,4 млрд теңге болатын құқық бұзушылық материалдары құқық қорғау органдарына жөнелтілген», - дейді ведомство басшысы.

Осылайша қабылданған шаралармен негізсіз шығындарды іздестіру арқылы бюджетке 2 млрд теңге түскен.

Сонымен қатар, тауар, қызмет пен жұмысты жеткізу арқылы 131,6 млрд теңге көлемінде мемлекет активтері қалпына келтірілді.

«Айта кету керек, бақылау тиімділігін арттыру мен бақыланатын нысандарға қысымды азайтуды алып тастау керек. 2012 жылмен салыстырғанда тексеріс саны 1,2 есе азайып, бақылаудың нәтижелігі 1,4 есеге артқан», - дейді Б.Сұлтанов.




Дерекнама

Яндекс.Метрика