Өңірлер

Меморгандардың қаржы есептеріне сәйкес өткен жылдардың 1 трлн теңгеге жуық инвестиция көлемі қайта қалпына келтірілді - Б.Сұлтанов

Меморгандардың қаржы есептеріне сәйкес өткен жылдардың 1 трлн. теңгеге жуық инвестиция көлемі қайта қалпына келтірілді , деп ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтың катысуымен өткен ведомствоның кеңейтілген коллегия отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - қаржы министрі Бахыт Сұлтанов мәлімдеді.
Астана қаласы27 Ақпан , 17:00

«Меморгандардың  қаржы есептеріне сәйкес өткен жылдардың 1 трлн. теңгеге жуық инвестиция көлемі қайта қалпына келтірілді. Ал, біздің мәліметтер бойынша  1997-2013 жылдар аралығында инвестиция көлемі  6 трлн. теңгені құрады, яғни меморгандарының есебінде негізгі инвестиция үлесі көрініс таппаған», - деді Б. Сұлтанов.

Осыған байланысты, Қаржы министрі ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовке барша меморгандарға барлық инвестицияларды тіркеу бойынша ведомствалық жұмыс тобын құрып, ҚМ ағымдағы жылдың 1 маусымына дейін есеп беруді тапсыруды ұсынды.

Қазіргі таңда 19 мың мемлекеттік мекеме, 6 мың мемлекеттік кәсіпорын, мемлекеттің қатысуы бар  710 АҚ мен ЖШС  бар.

Оның айтуынша, ұйымдардың басым бөлігі - 13 мыңнан астамы білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру саласында.

«Өткен жылы одан әрі мемлекеттік активтер құрылымын оңтайландыру бойынша  жергілікті билік органдарымен ҰКП өкілдері бірлесіп 18,5 мың мемлекеттік заңды тұлғаларға жылжымайтын мүлкі бойынша ревизия жүргізді», - деп ол толықтырды.




Дерекнама

Яндекс.Метрика