Басқару

2015 жылдың қаңтар айынан бастап ҚР-да жергілікті деңгейде бірыңғай ұйымдастырушы арқылы сатып алуды орталықтандыру комитеті құрылады – Б.Сұлтанов

2015 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстанда жергілікті деңгейде бірыңғай ұйымдастырушы арқылы сатып алуды орталықтандыру комитеті құрылады, деп мәлімдеді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – қаржы министрі Бақыт Сұлтанов ҚР Үкімет басшысы Серік Ахметовтың қатысуымен өткен ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінде.
Астана қаласы27 Ақпан , 16:40

«Мемлекеттік орган жетекшілері жүйелі түрде және күнделікті мониторинг жасап, өткен жылдың мониторингі тәжірибесі бойынша келісімшарттардың орындалуы мен құрылу процедурасын бақылауы керек. Қазірде біріңғай ұйымдастырушы арқылы сатып алуды орталықтандыру жұмыстары жүргізілуде. Біз тиісті комитетті құруды ұсынып, штаттық есепті анықтадық. 2015 жылдың қаңтар айнан бастап жергілікті деңгейде осындай орган құрылмақ», - дейді Б.Сұлтанов.

Оның айтуынша, бірінші кезеңде бюджеттік-инвестициялық жобалар орталықтандырылады, одан кейінгі кезеңде бірқатар стандартты алу процедурасын біріктіру қарастырылған.

«Біздің ойымызша, заңнаманы жетілдіру керек және «Мемлекттік сатып алу туралы» Заң ашықтықты қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар бюджеттік қаражатты да үнемдеуді мақсат етіп, мемлекеттік ресурсты тиімді басқару арқылы шағын және орта кәсіпкерлікті ынталандыруға ат салысу керек», - дейді министр.

Осыған орай ведомство басшысы Қаржы министрлігіне биығы жылдың 1 шілдесіне дейін жаңа заң жобасын дайындауды ұсынды.

«Онда халықаралық тәжірибе ескеріліп, атап айтар болсақ БҰҰ типтік жаңа заңы назарға алынып, сонымен қатар мемлекеттік сатып алуды орталықтандыру мен ақпаратты технологияларды қолданудың тәжірибесі ескеріледі», - деп түйіндеді министр.




Дерекнама

Яндекс.Метрика