Өңірлер

Тұрғын үй құрылысы мәселелері бойынша саясат баспанаға қолжетімділікті арттыруға бағытталған - Б.Сағынтаев

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев селекторлық режимде кеңес өткізіп, онда «Халықты тұрғын үймен қамтамасыз етудің жайы мен перспективалары туралы» 2012 жылғы 7 желтоқсандағы парламенттік тыңдаулар қортындысы бойынша берген ҚР Парламенті Мәжілісінің ұсынысын орындау жөніндегі мәселелер қаралды.
Астана қаласы27 Ақпан , 16:45

Кеңес жұмысына Праламент Мәжілісінің депутаттары, орталық атқарушы органдардың басшылары, облыстар, Астана мен Алматы қалаларының әкімдері қатысты, деп Премьер-Министрдің ресми порталы хабарлады.

«Тұтастай алғанда, тұрғын үй құрылысы мәселелері бойынша саясат халық үшін тұрғын үй қолжетімдігін одан әрі арттыруға бағытталатын болады»,-деді Б.Сағынтаев.

ҚР Парламенті Мәжілісінің ұсынысын орындау бойынша қабылданған шаралар туралы Өңірлік даму вице-министрі С.Нокин сөйледі. Ол «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы шеңберінде табысы төмен азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында, эконом-санатты шағын үйлер салу мен пайдалану туралы шешім қабылданғанын, сондай-ақ қаржылық құрал сипатында халыққа тұрғын үй жинақ жүйесі немесе одан әрі сатып алу құқығы бар ұзақ мерзімдік жалға алу арқылы мүмкіндік берілетінін айтты. 

Кеңес барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Д.Назарбаева бүгінгі күнге ұсыныстың 70 пайызының орындалғанын, қалған мәселелер бойынша Үкіметтің тиісті жұмыстарды жүргізіп жатырғанын атап өтті. Сонымен бірге, Д.Назарбаева инвесторларды әлеуметтік үйлер салуға, сондай-ақ үлгілік әлеуметтік нысандар жобаларын дайындауға ынталандыру қажеттігіне назар аудартты.

Кеңесті қортындылай келе, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары мүдделі мемлекеттік органдарға және облыстар, Астана мен Алматы қалаларының әкімдеріне «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасын тиімді жүзеге асыруды қамтамасыз етуді тапсырды.

Сондай-ақ Б.Сағынтаев «халық үшін аса маңызды осынау мәселені бірлесіп талқылау тиімді шешімдер қабылдау үшін өте пайдалы, дей келе, парламенттік тыңдаулар қортындылары және басқа да маңызды мәселелер бойынша ұсыныстардың орындалуы барысын бірлесіп талқылау үрдісін одан әрі жалғастыру тиімді»-деп атап көрсетті.




Яндекс.Метрика