Өңірлер

Ақмола облысында жаңа кірпіш зауыты ашылады

Индустрияландыру картасы аясында Ақмола облысының Волгодонов ауылдық округінде жаңадан «Аршалы кірпіш зауыты» ЖШС керамикалық кірпіш өндірісі зауыты ашылады.
Астана қаласы27 Ақпан , 15:45

10 гектарлық жер учаскісінде өндірістік ғимарат пен өзге де нысандар салынады, деп хабарлайды облыс әкімдігі. Кәсіпкерлікте жылына 120 млн дана кірпіш шығарылмақ. Бұл жобаның құрылысына 900 млн теңге салынып, шет елдерден инвестиция тартылмақ.

Мамандардың пікірінше, өндірістің іске асырылуы тек облыс көлеміне ғана шығарылмай, сонымен қатар өңірге жақын облыстарға, соның ішінде елордаға да тарамақ.

Зауытты ең соңғы заманауи техника мен құрылғылармен жарақтандыру көзделген. Өндірістік нысанда 90 шақты жұмыскер еңбек етеді. Солардың көпшілігі жергілікті халық өкілдері.




Яндекс.Метрика