Халықаралық интеграция

Дипкорпустың өкілдері Астанадағы «Нұр Отан» партиясы Республикалық қоғамдық қабылдаудың жұмысымен танысты

Бүгін, «Нұр Отанның» 15 жылдығы қарсаңында «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің дипломатиялық корпус өкілдерімен кездесуі өтті.
Астана қаласы27 Ақпан , 15:30

«Нұр Отан» партиясының баспасөз қызметінде хабарлағандай, кездесу барысында дипломаттар Елбасы, «Нұр Отан» партиясы Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың саясатының арнасында «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыруға, ішкісаяси тұрақтылықты нығайтуға, азаматтық келісім, мен бірігуге бағытталған партияның жұмысы жөнінде жан-жақты мағұлұмат алды.  Дипломатиялық корпустың өкілдері ашықтық, есептілік, тиімділік пен жауапкершілік ұстанымына негізделіп құрылған жаңа үлгідегі «Нұр Отан» партиясының жұмысымен танысты.

Кездесуге келгендер Республикалық қоғамдық қабылдаудың жұмысы, іске қосылған «Электрондық партия» жобасы жайлы хабарланды. Дипломаттар азаматтарға қабылдау жүргізетін бөлмелер мен ситуациялық орталықта болды. Елімізде барлығы 240 қоғамдық қабылдау жұмыс істейді, өткен жыл барысында оған 800 мың адам жүгінген, олардың 130 мыңы мемлекеттік органдарға жіберілді.  

ХV сьезде қабылданған партияның жаңа саяси Доктринасы «Нұр Отанның» ел ішінде ғана емес, сонымен қатар шетелде де неғұрлым тиянақты  және тиімді орнын табуына мүмкіндік туғызды. Партияның идеологиялық платформасы – орталықшылдық, басқа партиялармен қатынасты қалыптастыра отырып, жаңа идеологиялық бағытта халықаралық ынтымақтастықты жүйелеуге көмектеседі.  

Өткен 15 жыл ішінде «Нұр Отан» партиясының қызметінде  шетелдік саяси партиялармен ынытымақтастық туралы 11 меморандумға қол қойылды.

Айта кетейік, 2013 жылы Астанада ҚХР Коммунистік партиясы ОК Бюро мүшесі, ҚПК ОК Ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Чжао Лэцзимен кездесу өтті. Оңтүстік Кореяның «Сэнури» және Малайзияның «ОМНО» басқарушы партияларымен  өзара байланыс орнатылды. Еуропа Халықтық партиясының вице-президенті, Еуропа Парламентінің депутаты Марио Дэвидпен, сондай-ақ «Халық қозғалысы үшін» партиясының вице-президенті Тьерри Марианимен келіссөз жүргізілді.   

2014 жылдың 6-7 наурызында «Нұр Отан» партиясының делегациясы  Дублинде (Ирландия) өтетін ЕХП - дан Еуропа Комиссиясы басшылығы лауазымы сайлауына үміткер ұсынылатын Еуропа халықтық партияларының ХХІІ Конгресіне қатысуды жоспарлап отыр.



 




Яндекс.Метрика