2050 Стратегиясы– жастар буынының бағыты

Ақтөбеде «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын қолдауға арналған акция өтті

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің студенттер сарайында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында баяндалған «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын қолдауға арналған акция шығыстан бастау алып, Қазақстанның түкпір - түкпірінде ұйымдастырылып, бүгін Ақтөбе облысында жалғасын тапты.
Ақтөбе27 Ақпан , 15:15

Акцияға ардагерлер, үкіметтік емес ұйымдар, кәсіподақ, зиялы қауым өкілдері, этномәдени бірлестіктер жетекшілері, жоғары және арнаулы оқу орындарының студенттері және БАҚ өкілдері қатысты.

Облыстық акция барысында облыс әкімінің орынбасары Нұрқатова Сара Қайыржанқызы, философия ғылымдарының докторы, профессор Тайжанов Алтай Тайжанұлы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Вишняк Сергей Викторович, ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры акционерлік қоғамы облыстық филиалының директоры Ерғазина Гүлжанат Қойбағарқызы сөз сөйледі.

Сонымен қатар Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің аға оқытушысы Бақыт Айшуақ Дәрменұлы меноблыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың бас маманы  Ізтілеуов Нұрболат Қайратұлы «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын қолдауға арналған облыс тұрғындарының үндеуін жолдады.

Акцияға қатысушы жалынды жастар «Мәңгілік Ел!, Мәңгілік Тіл!, Мәңгілік Рух!» деп ұрандатып, Қазақстан Республикасының Гимнін шырқай отырып, шараны аяқтады.

 




Яндекс.Метрика