Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

2015 жылы «Эйр Қазақстан» тұңғыш әуе қатынасын бастайды - Ө. Шөкеев

«Эйр Қазақстан» жаңа әуе компаниясы 2015 жылдан жұмысқа кіріседі. Бұл жөнінде бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев мәлімдеді.
Казахстан27 Ақпан , 15:00

«Біз мамыр айына дейін компанияны тіркеп, оператор тартуымыз қажет. Ал жыл соңына дейін ұшақтар сатып алуымыз керек. Келесі жылдың басынан әуе компаниясы ашылады деп отырмыз», - деді Ө.Шөкеев.

Оның айтуынша, бүгінде әуе компанияларының қауіпсіздік талаптары күшейтіліп отыр.

«Сондықтан елімізде бұл салада монополия болмауы қажет. Сондықтан Президент тапсырмасы бойынша біз екінші отандық әуе компаниясын ашуды ұйғардық. «Bombardier Inc» компаниясымен әріптестік келісімін жасадық, 10 ұшақ жеткізіледі», - деді ол.

«Олар облысаралық әуе желілеріне тартылады. Екі әуе компаниясы әріптестік қарым-қатынаста жұмыс жасайды. Біз екеуінде де акционерміз, олардың мүдделерін үйлестіруге тырысамыз», - деді басқарма төрағасы.

 




Яндекс.Метрика