Ұлттың денсаулығы

Нейрохирургиялық ұлттық орталық эндоваскулярлық әдіспен емдеу арқылы 800 пациенттің өмірін сақтап қалды - С. Ақшолақов

Бес жылдың ішінде «Нейрохирургиялық ұлттық орталық» қан тамырларының кеңею дертін эндоваскулярлық әдіспен емдеу арқылы 800 пациенттің өмірін сақтап қалды, деп «Strategy2050.kz» АА тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында орталық директоры Серік Ақшолақов ағынан жарылды.
Астана қаласы27 Ақпан , 14:49

«Біз Қазақстанда жаңа бағытты аштық - ол бас миының тамыр ауруларын хирургиялық эндоваскулярлы емдеу.  Бұл әдісті біз тәжірибемізге заманауи техникамен арнайы оқытылған білікті мамандардың арқысында енгіздік. Айта кетерлік жайт, бұған дейін осындай дертке шалдыққандар ота жасату үшін шетелге баратын және олардың кейбіреулерінің ем-домын мемлекет өз мойнына алып келген.  Осы уақыт аралығында 800-ден астам емделушінің өмірі аман алып қалынған және мемлекетке 1 млрд. теңге үнемделді», - деді  С. Ақшолақов.

Оның айтуынша, осы 5 жыл ішінде Нейрохирургия орталығында 8 мыңнан астам науқасқа ота жасалып, олардың 3 мыңнан астамына ота жаңа технологияларды пайдалану арқылы жоғары білікті мамандандырылған көмек көрсетілді.

Естеріңізге сала кетейік, «Нейрохирургиялық  ұлттық орталық» 2008 жылы Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың бастамасымен құрылды. Орталық ашылған кезден бастап оның алдында жаңа технологияларды пайдалану арқылы жаңа әдістерді енгізу мақсаты тұрды.  

Нейрохирургиялық  ұлттық орталық директорының айтуынша, бүгінде мекеме әлемдіқ қауымдастықтың сеніміне кіріп, мойындатты, бұл өз кезегінде елімізде медициналық туризмді  дамытуға мүмкіндік береді. 

«Бізге Ресей, Өзбекстан, Тәджікстан, Қыргызстаннан емделушілер көптеп келе бастады және осы саланы біз жайлап дамытып келеміз. Осылайша,   70 астам шетелдік азаматқа елімізде ота жасалды», - деді ол.




Яндекс.Метрика