Білім беру

Дуалды оқыту аясында «Самұрық-Қазынаның» 9 компаниясы 33 техникалық және кәсіптік оқыту ұйымымен әріптестік құрады – Ө.Шөкеев

Дуалды оқыту аясында «Самұрық-Қазынаның» 9 компаниясы 33 техникалық дәне кәсіптік оқыту ұйымымен әріптестік құрады, деп мәлімдеді ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Қордың басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев.
Астана қаласы27 Ақпан , 14:30

«Әлеуметтік жауапкершілік аясында біз бірқатар нақты жобаларды дамытудамыз. Біріншісі – маман дайындау. Дуалды оқыту аясында «Самұрық-Қазынаның» 9 компаниясы 33 техникалық дәне кәсіптік оқыту ұйымымен әріптестік құрады», -деді Өмірзақ Шөкеев.

Оның айтуынша, қажетті талап пен білімді Қор өз бетінше дайындаған.

«Сонымен қатар, әрбір студентке бір-бір жетекші тағайындадық. Оқуды тәмамдағаннан кейін оларды жұмысқа қабылдайтын боламыз. Аталмыш бағдарлама тәжірибелік сипатқа ие, дамып келеді», - деп толықтырды.

Бұдан бөлек Қорда әлеуметтік тұрақтылық рейтингі қорының стратегиялық ПӘК сапасы енгізілді. Бұл өткен жылы 58% құраған еді.

Естеріңізге сала кетейік, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорына 9 компания енеді. Олар: «ҚазМұнайГаз» АҚ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «KEGOK»АҚ, «Қазатомпром» ҰАК» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ, «Қазпошта» АҚ, «Орталық Азия» Интергаз» АҚ, «Самұрық-Қазына» Жылжымайтын мүлік қоры» АҚ.




Дерекнама

Яндекс.Метрика