Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

ҚР-да «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ қатысуымен 4 технологиялық орталық құрылады

ҚР-да «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ қатысуымен 4 технологиялық орталық құрылады, деп бүгін ҚР Президенті жанындағы ОКҚ өткен брифингте «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев мәлім етті.
Астана қаласы27 Ақпан , 13:59

«Президенттің тапсырмасын орындау мақсатында біз ҰӘҚ қатысуымен 4 технологиялық орталықты құрамыз. Италиялық компаниямен бірлесіп химия саласындағы инжиниринг және  құзырет орталықтары құрылады. Ал, «ҚазМұнайГаз» Бұрғылау институтын, «ҚазАтомПром» жоғары технологиялар институтын жасақтайды», - деді Ө. Шөкеев.

Сонымен қатар, оның айтуынша «Самұрық-Қазына»  ҰӘҚ Назарбаев университетімен бірлесіп «жасыл» экономиканың Болашақ энергиясы орталығын жасақтайды. 

«Бұл орталықтар трансферт технологиясымен, өз зерттеулерімен және оны коммерциялаумен айналысатын болады», - деп  Самұрық-Қазына»  ҰӘҚ Басқарма төрағасы түсіндіріп өтті.

Осы ретте, сатып алудың ашықтығы мен тиімділігін арттыру мақсатында электронды сатып алудың ақпараттық жүйесін енгізу туралы шешім қабылданды.

«Электронды сатып алудың ақпараттық жүйесін енгізу арқылы 2013 жылдың қорытындысы бойынша Қор тобы 16 млрд. теңге немесе жоспарланған бағалардан 10% үнемдеді. Алдағы уақытта жылдық үнемдеуді  60-70 млрд. теңгеге дейін жеткізбекшіміз», - деп Ө.Шөкеев толықтырды.

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика