«Салалық бағытқа келетін болсақ, егер мұнай газ жобасы басымдылықта тұрса, біз қазір 5 бағыт бойынша жұмыс жасаудамыз. Оған «Самұрық-Энерго» компаниясының энергетикасы, «Таукен Самұрық», тау-кен металлургиялық мұнайгазхимиясы, органикалық химия, машинқұрылыс бизнесі мен жылжымалы мүлік қоры», - деді Ө. Шөкеев.
Оның айтуынша, қорда 2022 жылға жаңа бағыттар мен тапсырмалар қойылуда, ол компанияның құнына байланысты.
«Мәселен, «Самұрық – Энерго» құны бүгін 5 млрд 500 млн долларды құрайды, 2022 жылы компания капиталы 22 млрд құрауы тиіс, «Таукен Самұрық» компаниясы 5 млрд долларға жетуі тиіс», - деді ол.
Қордың басқарма басшысы айтқандай, аталған жобаларды жүзеге асыру барысында Мемлекет басшысы ірі трансұлттық компаияларды тартуды тапсырған болатын.
«Сондай-ақ, оларды жобаға шақыру бір деңгейде жүзеге асыру керек. Басты мақсат – трансферттік технология арқылы жүзеге асуы тиіс», - деді Ө. Шөкеев.