Өңірлер

Жолдауда айтылған мақсаттарды орындауға шамамыз жетеді – Е.Нұрбаев

Тәуелсіздік алғаннан бергі 20 жылдық даму жолымыз соңғы Жолдауда Мемлекет басшысының айтқан міндеттемелерге орындауға шамамыздың жететінін көрсетеді, дейді «Т.И.Батыров атындағы Жамбыл МАЭС» АҚ бөлімше жетекшісі Ергеш Нұрабаев.
Жамбыл27 Ақпан , 12:15

«Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың әрбір Жолдауы өзінің әрқилылығымен ерекшеленеді. Ең алғашқы кездерден бастап Жолдаудың құжаттық күшінің дер кезінде жариялануымен жұрттың назарын аударды», - дейді Е.Нұрабаев.

Оның айтуынша, қазіргі уақыт пен болашақта шешімін табуы тиіс нақты мәселелердің Жолдауда көрініс тапқанының арқасында біздің елімізде аз ғана уақыт ішінде әлеуметтік-саяси жағдай мен экономикалық даму жолында ауқымды шаралар қолға алынуда.

«Біздің көшбасшымыз әлеуметтік бағытталған экономиканы құруға баса назар аударады. Бұл жерде бір айта кетерлігі, Президент халыққа сапалы қызмет көрсету, қызметкерлердің біліктіліктерінің артуы, еңдек өнімділігін арттыру бойынша нақты тапсырмалар береді. Сонымен қатар қазақстандықтардың алдындағы кезекті Жолдауда мынадай тапсырмалар берілді: мемлекттік және жеке құрылымдардың барлығының қызметі Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына енуіне жол ашуы керек. Аталған нақты тапсырма халыққа шаққанда елдің кірісін арттырып, әлеуметтік кепілдендіру деңгейін көтеріп, жұмыссыздық пен инфляцияның алдын алады. Тәуелсіздік алғаннан бергі 20 жылдық даму жолымыз соңғы Жолдауда Мемлекет басшысының айтқан міндеттемелерге орындауға шамамыздың жететінін көрсетеді», - дейді Ергеш Нұрабаев.




Яндекс.Метрика