Білім беру

ТжКБ-нің 500-ден астам студенттері ОҚО кәсіпорындарында тәжірибеден өтеді

Ағымдағы жылдың басынан бері Оңтүстік Қазақстан Облысының Кәсіпкерлер палатасы дуалды білім беру бойынша жергілікті колледждермен, кәсіпорындармен ынтымақтастық туралы 25 келісім шартқа отырды, нәтижесінде 500 білімгерге тәжірибеден өтуге жұмыс орнымен қамтылды.
Оңтүстік Қазақстан27 Ақпан , 12:05

ҚР Ұлттық палатасының баспасөз қызметінен хабарлағандай,  ТжКБ-ның 10 оқу орнының студенттері («Парасат», Жаңа технологиялар, Шымкенттік Көлік және коммуникация колледждерінің,  №2, №3, №4, №5, №6,  «Мирас» және Инновациалық-технологиялық колледж) «Аль-Декей»ЖШС, «Max-We & Ard» ЖШС, «Shel Service Centr» ЖШС, «Арт-Құрылыс» ЖШС, «Базис-К» ЖШС, «Проект-А» ЖШС, «KAZMEDPRIBOR» ЖШС, «Жібек Жолы 2008» ЖШС, «ШымкентЛокомотивСервис» ЖШС, «FCO TRANS» ЖШС және басқа да кәсіпорындарда тәжірибеден өтуге мүмкіндік алды. 

Ал, 150 білімгерге жұмыс беруші орташа айлық жалақының 80% көлемінде тәжірибесін төлейтін болады.

 «Бүгінде колледждер мен үйрететін кәсіпорындар тең дәрежелі серіктес болуда.  Дуалды білім беру жүйесінің артықшылығы  туралы тек айтылып қана жүрген жоқ, ол оңтүстікқазақстандық білім саласына белсенді енгізілуде. Жалаң теория бере алмайтынды  білім алушылар іс жүзінде үйренеді. Тәжірибеден өтушілер өндірістік ұжымда өз білімдерін жетілдіріп, заманауи техниканы игеріп қана қоймай, өзінің еңбек жолын табысты дамып келе жатқан компанияда бастауға мүмкіндік алады», - деді ТжКБ саласындағы сараптама мен әріптестік бөлімінің басшысы Мақсат Қасымбеков.

ОҚО Кәсіпкерлер палатасы кәсіпорындар мен колледждармен бірлесіп жұмыс берушілердің талабы бойынша оқу жоспарын қайта қарап, тәжірибе сағаттары ұлғайтылды. 

Сонымен қатар, кәсіпорындардағы ішкі технологиялық процестерге қажетті мамандықтар саны да көбейтілді.

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика