Су ресурстарына арналған жаңа саясат

2014 жылы Ерейментау қаласындағы су құбырын қалпына келтіру жұмыстары аяқталады

Ақмола облысы Ерейментау ауданында магистральді су құбыры желісін жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Ақмола27 Ақпан , 11:51

Облыс әкімдігінің хабарлауынша, 2012 жылы басталған Ерейментау қаласындағы магистралді су құбырын қалпына келтіру жұмыстарының 99 пайызы аяқталған.

14 шақырымдық су құбыры желісін ауыстыру үшін 400 млн теңгеден астам қаражат бөлінген.

Сонымен қатар, «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша Новомарковка қаласының су құбыры желісін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Аталмыш жобаларды толықтай іске асыру үшін биыл Байсары ауылының сумен қамту жүйесін күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі, Бестоғай, Селетинское мен Ақмырза ауылдарының сумен қамту жүйесін қалпына келтіру жұмыстарының жобалау-сметалық құжаттары дайындалуда.

Жалпы, 2013 жылы облысты ауыз сумен қамтамасыз ету шараларына 7,8 млрд теңге бөлінген. Қазіргі таңда облыстың 625 ауылдық жерлерінің орталық сумен қамту жүйесіне қосылғаны 354 (57%) болса, орталықтық желі емес сумен қамту жүйесіне қосылғаны 239 (38%), ал 32 (5%) елді мекенге ауыз су сырттан тасылып әкелінеді. 




Яндекс.Метрика