Су ресурстарына арналған жаңа саясат

ЕҚДБ Қызылорда қаласының сумен қамтамасыз ету жүйесін жаңғырту жұмыстарын қаржыландырады

Сумен қамтамасыз ету және суды бұру жүйесін қаржыландыру бойынша алдын-ала келісім Қызылорда облысы мен Қызылорда қаласының әкімдігімен, «Қызылорда Су Жүйеси» МКК мен Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) арасында жасалды.
Қызылорда 27 Ақпан, 11:23

Облыс әкімдігінен хабарлағандай, аталмыш жобада заманауи жылуды үнемдеуші және су өлшеу құралдарын орнату, жүйе мен құралдарды қайта жөндеу және жаңғырту, қаланың сумен қамту жүйесінің электронды картасын жасау және  т.б. шаралар қарастырылған. 

Бұл келісім шеңберінде ЕҚДБ 13 жылға 10 млн. долларды несиеге беруді жоспарлап отыр. Жергілікті билік өз кезегінде 4 млн. долларға дейін қосымша қаржыландыруды қарастыруда.

Жоба жүзеге асырылған соң ауыз суды тұтыну сапасы жақсарып, құбырларларды паудалану уақыты ұзартылып, электр энергия мен су үнемделеді және т.б.

Жобаны жүзеге асыру 2014-2017 жылдарға есептелген, ол кейіннен 2018-2020 жылдарға дейін ұзартылатын болады. Мұндай жоба Қазақстанның басқа да аймақтарында іске асырылып, өзінің тиімділігін дәлелдеді. 

Кездесу барысында Қырымбек Көшербаев банкпен ынтымақтастық аясында қалада автобус паркі салынып жатқанын тілге тиек етті. Болашақта қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу және басқа өндірістік сала бойынша ынтымақтастық орнату мүмкін.





Яндекс.Метрика