Өңірлер

Қазақстандық кен орындарында мұнай өндіру коэффициентін арттыру керек – М.Мырзағалиев

Қазақстандық кен орындарында инновациялық технологияларды пайдалана отырып мұнай өндіру коэффициентін арттыру керек. Бұл туралы мұнай өндіру мәселесіне арналған Ақтау қаласындағы халықаралық форумда мұнай және газ вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлімдеді.
Маңғыстау27 Ақпан , 11:15

Аталмыш шара Мұнай және газ министрлігі мен Маңғыстау облыстық әкімдігінің қолдауымен өткізілуде. Оған мұнай өндіруші компаниялардың жетекшілері, ғылыми институт пен Қазақстан Республикасында мұнай-газ және аралас сала қызметтерін атқаратын қызмет көрсету компаниялары басшылары қатысты. Сонымен қатар, Украина, Әзірбайжан мен Ресейдің сарапшылары өз ойларын ортаға салды.

Өз сөзінде өңір басшысы Алик Айдарбаев дәстүрлі өндіруші сектор мен мұнай-газ саласының алдағы уақыттағы даму болашағын арттырудың маңызын атап өтті. А.Айдарбаевтың айтуынша, осы орайда кен орындарында инновациялық технологияларды пайдалана отырып мұнай өндіру коэффициентін арттыру керек.Бүгінде Маңғыстау облысындағы орташа көрсеткіш коэффициенті шамамен 30% құрайды. Бірнеше жылдардан бері жұмыс істеп келе жатқан өңірдің ірі кен орындары дайындаудың 4-інші кезеңінде тұр. Бұл дегеніңіз, өндіріс деңгейі түсіп бара жатыр деген сөз. Қазірде осы бағыттағы жұмыстарды күшейту үшін оқымыстылар мен ірі компанияларды жұмылдыру керек, деді облыс әкімі.

Өз кезегінде Мағзұм Мырзағалиев Үкімет басшысының таяуда өткен кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы 2020 жылға қарай МӨК 10 пайызға дейін арттыру туралы тапсырмасын берген еді. Қазақстанда мұнай өндіру коэффициенті бүгінде шамамен  30-35% құрайды. Бірқатар елдерде бұл көрсеткіш 50% шамасында. Біздің ендігі тапсырмамыз осы деңгейге жету, - деді вице-министр. 

Форус аясында Маңғыстау облыстық алдыңғы қатарлы ірі компаниялардың көрмесі ұйымдастырылды. Шараға қатысушылардың қызығушылығын оятқан инновациялық жобалардың бірі Trigen энергоқұрылғысын құру бойынша Maersk Oil компаниясы болды. Бұл құрылғы табиғи газбен жұмыс істеп, электрэнергиясын, техникалық су мен көмірқышқыл газын пайдаға асыруға мүмкіндік береді.

Айта кету керек, Ақтаудағы форум – 2014 жылға Қазақстанда жоспарланған ірі шаралардың бірі. Мұнай-газ саласына инновациялыық технологияларды енгізуге арналған осындай шаралар ендігі кезекте Атырау, Қызылорда мен Оралда ұйымдастырылмақ. Олар Атырауда «Көмірқышқыл саласындағы инновация» тақырыбымен биылғы жылдың күзінде өтетін Қазақстан мен Ресейдің XI өңіраралық әріптестігі форумын өткізуде дайындық алаңы болмақ.




Яндекс.Метрика