Халықаралық интеграция

Италияда «Байқоңырдан жұлдыздарға» монографиясының таныстырылымы өтті

Тренто қаласындағы Джанни Капрони атындағы аэронавтика мұражайында Италиядағы ҚР Елшілігі "Vox Populi" ғылыми-зерттеу орталығы және "Гордиев Узел" геосаяси орталығымен бірлесіп, "Байқоңырдан - жұлдыздарға" атты монографиясының тұсаукесерін ұйымдастырды.
Әлемде27 Ақпан , 11:00

Басылымда осы саладағы ғарышты зерттеу мәселелері мен Қазақстанның тәжірибесі жөнінде итальяндық сарапшылар әзірлеген мақалалар, сұхбаттар мен талдамалық материалдар қамтылған, деп Сыртқы істер министрлігінде хабарлады.

Іс-шараға Итальяндық ғарыш агенттігінің және Италияның Ұлттық зерттеу кеңесінің өкілдері, көрнекті қоғам қайраткерлері мен мәдениет және ғылым қайраткерлері қатысты.

Өз баяндамасында Қазақстанның Италиядағы Елшісі А.Елемесов итальяндық жұртшылықты ғарышты игеру саласындағы Қазақстанның саясатымен, Байқоңыр ғарыш айлағының даму тарихымен, оның қазіргі таңда белсенді іске қосылған және дәйекті дамып келе жатқан бірегей әлеуетімен қысқаша таныстырып өтті. Ғарышқа қазақстандық жол Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық өсуі мен инновациялық дамуының ең өзекті мәселелерін шешу үшін прагматизмге, дамып келе жатқан ғарыш жүйелері мен сервистерінің рационалдылығына және тәжірибелілігіне негізделгені атап өтілді.

Итальяндық тараптың өкілдері Қазақстан Байқоңыр ғарыш айлағының иесі ретінде әлемдік ғарыш картасында айтарлықтай маңызды рөлге ие екендігіне назар аударды. Қазіргі уақытта экономикалық өсім еліміздің мемлекеттік азаматтық, әскери және сауда секторындағы қолға алынған және жаңа ғарыш бағдарламаларын белсенді дамытуға мүмкіндік береді.

Монографияның тек санаулы мамандардың емес, сонымен қатар осы тақырыпқа мүдделік танытушы кең жұртшылыққа да ұсынуға болатын танымдық құндылығы атап өтілді.

 

 

 

 




Яндекс.Метрика