Халықаралық интеграция

Қазақстан Кирибати және Вануатумен дипломатиялық қатынастар орнатты

Сингапурде Бірлескен коммюникеге қол қою арқылы Қазақстан Респубилакасы мен Вануату Республикасы арасында дипломатиялық қатынастар орнады.
Әлемде27 Ақпан , 10:45

Сыртқы істер ведомствосында хабарлағандай, аталған құжатқа қазақстандық тараптан Сингапурдегі ҚР Елшісі Е.Баударбек-Қожатаев, ал Вануату тарапынан Премьер-Министрдің орынбасары - Сыртқы істер министрі Эдвард Нипаке Натапеи қол қойды.

Кездесу барысында тараптар түрлі саладағы екі ел ынтымақтастығының болашағын талқылады.

Содан бір күн бұрын, үстіміздегі жылғы 18 ақпанда Нью-Йоркте Қазақстан Республикасы мен Кирибати Республикасының БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдері Қайрат Абдрахманов және Макурита Бааро Екі ел арасында дипломатиялық қатынастар орнату туралы Бірлескен коммюникеге қол қойды.

Қол қою рәсімі кезінде екіжақты деңгейдегі ынтымақтастықтың болашағы және Қазақстан мен Кирибати үшін қызығушылық тудыратын БҰҰ күн тәртібіндегі маңызды мәселелер туралы пікір алмасу өтті. Солардың ішінде - теңізге шыға алмайтын елдердің мәселелерін шешу, кішкене аралды елдер, Тұрақты дамудың мақсаттарын жасау, қоршаған ортаны қорғау және т.б.

Кирибати Елшісі Қазақстанмен берік тұрақты әріптестік орнатылғанына сенімін білдірді.

 

 

 

 

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика