Жұмыспен қамту мен еңбектің жаңа саясаты - Қазақстан – Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Петропавлда мүгедектерге арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті

Петропавлда алғаш рет мүгедектерге арналған жұмыс орны жәрмеңкесі өтіп, оған 200-ден астам адам қатысты.
Солтүстік Қазақстан27 Ақпан , 10:30

Солтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының хабарлауынша, Петропавл қаласының 24 кәсіпкерлігі мүмкіндігі шектеулі 100 шақты адамға жұмыс орындарын ұсынды. Шараға қатысып екі қол бір күрек іздеген мүмкіндігі шектеулі жандардың саны 200-ден асты.

«Бос жұмыс орындары тізімі мүмкіндігі шектеулі жандардың ыңғайына қарай құрылған. Жұмысқа тұру тәртібі медициналық көрсеткіштер мен дәрігер сараптамасын ескереді», - дейді Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жетекшісінің орынбасары Ольга Букина.

Мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа қабылдаған ұйымдарға мемлекет бірқатар жеңілдіктер қарастырған. Мүгедек жандарға арналған осындай бос жұмыс орны жәрмеңкесін алдағы уақытта жылына екі рет өткізу жоспарланған.

Айта кету керек, бос жұмыс орны жәрмеңкесі – Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өз Жолдауында айтқан тапсырмаларын іске асырудың бір тетігі. Естеріңізге сала кетейік, стратегиялық құжатта мүгедек жандардың жұмыспен қамтамасыз етілуіне баса назар аударған.




Яндекс.Метрика