Жұмыспен қамту мен еңбектің жаңа саясаты - Қазақстан – Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Ақтөбе облысында 2013 жылы 800-ге жуық мүгедек жұмыспен қамтылды

2013 жылы облыста 779 мүмкіндігі шектеулі азамат жұмыспен қамтылды.
Ақтөбе27 Ақпан , 10:15

Ақтөбе облысының әкімдігінен хабарлағандай, 2013 жылы облыста мүгедектерге арналған жұмыс орындарының 3% квотасы бойынша 779 мүгедек жұмыспен қамтылған.

Жұмысқа орналасуға ықпал ету үшін өткен жылы барлығы 393 мүгедек адам жұмыспен қамту органдарына өтініш жасаған. Олардың барлығы әртүрлі әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылған. Әлеуметтік жұмысқа 152 адам, 76 мүгедек әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасса, 24 мүгедек жастар тәжірибесіне жіберілген. Қалған мүгедектерді жұмысқа орналастыру бақылауда тұр.

Айта кетерлік жайт, бүгінде өңір бойынша арнайы мемлекеттік жәрдемақы алатын 19,4 мың адам тұрады

Сонымен қатар, 4,5 мың кембағал жандарды оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес әртүрлі көмекші құралдармен, қызметтермен, санаторлық курорттық сауықтырумен, протездік ортопедиялық бұйымдармен қамтылды.  Оларға жеке көмекші қызметтері және саңырау мүгедектерге ымдау тілінің мамандары  183,2 млн. теңгеге қызмет көрсетті.  




Дерекнама

Яндекс.Метрика