Инновациялық Қазақстан - 2020 мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстанда лаңкестікке қарсы күреске арналған сайт ашылды

Қазақстандық ғаламтор сегментінде лаңкестікке қарсы күреске бағытталған сайт ашылды. Жаңа ресурс үнемі лаңкестікке қарсы күрес тақырыбында сараптамалық мақалалар мен соңғы жаңалықтарды жариялап отырады.
Астана қаласы21 Желтоксан , 00:00

Жаңа Сounter-terror.kz сайтында Қазақстан аумағында және әлемдік масштабта лаңкестікке қарсы күрес туралы ақпарат мол жарияланды. Ресурста дүние жүзіндегі лаңкестік пен экстремизм жағдайы туралы жедел ақпарат, сараптама және мониторинг ұсынылды. Сондай-ақ, сайтта Орталық Азия мен Қазақстан аумағындағы лаңкестік актілер және атақты лаңкестік топтар туралы ақпарат жарияланды. 


ҚР Дін істері агенттігі өкілдерінің айтуынша, жоба Қазақстанға төнген лаңкестік қауіп туралы ашық ақпаратты ұсынуға және ең бастысы жастарды экстермистік топтарға қатысудан сақтауға бағытталған. 




Яндекс.Метрика