Өңірлер

ҚР Президентінің Жолдауы – жоспарланған жұмыстарды жүзеге асырудың ең басты құжаты – А. Аяпбергенова, оқушы

ҚР Президентінің Жолдауы – жоспарланған жұмыстарды жүзеге асырудың ең басты құжаты, деп Астанадағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Адия Аяпбергенова Strategy2050.kz АА берген сұхбатында айтты.
Астана қаласы 27 Ақпан, 09:30

«Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан   халықына  арналған «Қазақстан жолы-2050»: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы  жарияланды. Жолдау жоспарланған жұмыстарды жүзеге асырудың ең басты құралы болып табылады. Бұл Жолдау қазақстандық жастарға үлкен аманат жүктеп, ауыр жүк арқалатып тұр. Бұл Жолдау қазақстандық жастарды біріктіріп, биік белестерге апаратын жарқын жол болып табылады», - деді А. Аяпбергенова.

Еліміз Қазақстанда білім алып, еңбек етіп жүрген жандардың ең озық заманауи технологияларды меңгеруін талап етеді. Бұл Жолдаудың стратегиясы Қазақстанның ең үздік 30 елдің қатарына кіруі. Бұл мақсаттардың қатарына ғылыми қамтымды экономика құру, шағын және орта бизнесті дамыту да жатады, деді ол.

« «Мәңгілік ел»  менің ойымша, мәңгі бақилық, өмірлік жұрт, халық, қауым дегенді білдіреді. «Мәңгілік ел»  ата-бабаларымыздың асыл арманы. Ол арман әлем халықтарымен терезесі тең қатынас құру. Қазақстан мәңгілік ел болуы үшін оның азаматтары білімді, дарынды болуы керек. Осылайша біз бірге «Мәңгілік елдің» іргетасын қалаймыз», - деді оқушы.  

 





Яндекс.Метрика