Білім беру

СҚО-да жас толқынды тәрбиелеу мектебі ашылады

Петропавлда ақсақалдың жастарды тәрбиелейтін мектебі ашылды. Бағдарламаның бас міндеті жастарды ұлттық тәрбиеге баулу мен әдеп дәрістері және мемлекеттік тілді үйрету.
Солтүстік Қазақстан27 Ақпан , 09:15

Солтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасының хабарлауынша, мектепті өңір ақсақалдары облыс әкімдігінің, облыстық ішкі саясат және білім мен мәдениет басқармаларының қолдауымен құрды.

«Жастар біздің байырғы ұлттық құндылықтарымыздан қол үзіп бара жатыр. Бұл тек дәстүрдің үзілуі емес, сонымен қатар адамгершілік қасиеттерге де қатысты. Ал мемлекеттік тілді игеру мәселесі өз алдына бөлек мәселе», - дейді Солтүстік Қазақстанның Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Болат Сағындықов.

Оның айтуынша, мектептердің ашылуы аталмыш мәселелердің түйінін тарқатуға септігін тигізбек.

Сонымен қатар, сабақ үстінде ұстаздармен бірге шәкірттерге педагогика еңбегі ардагерлері де қатыспақ. Оқыту бағдарламасына алуан түрлі тақырыптар енгізіледі: жастар тәрбиесі, патриоттық сабақтары мен дін мәселесі.

Жас толқынды тәрбиелеу мектебі наурыз айынан бастап жұмыс істейтін болады. Жоба мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында облыстық бюджеттен қаржылардырады. Ал әкімшілігі ретінде СҚО ішкі саясат басқармасы болып бекітілген. Жобаға бүгінде шамамен бір млн теңгедей қаражат бөлінген.




Яндекс.Метрика