Өңірлер

С.Ахметов «Халықтық IPO» бағдарламасы бойынша ұсыныстар енгізуді тапсырды

«Самұрық-Қазына» Қоры» АҚ-ның қызметі қорытындысы туралы кеңейтілген жиында Премьер-Министр С.Ахметов Қор мен Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне «Халықтық IPO» бағдарламасы бойынша ұсыныстар енгізуді тапсырды.
Астана қаласы26 Ақпан , 19:21

«Басты мәселелердің бірі - «Халықтық IPO» бағдарламасына белсенді түрде қатысу. Мысалға, «ҚазТрансОйл» акциясына деген сұраныс 2 еседен астамға дейін көтерілді. 34 мыңдай заңды және жеке тұлғалар компанияның жаңа акционерлері атанды.  Қазірде нарықта аталмыш компанияның акциясы үлкен сұранысқа ие және екінші деңгейдегі нарықта да қызу саудалануда.  Өсім деңгейі шамамен 2 есені құрайды. Кезінде 780 теңгеден сатып алынған акция бүгінде 1250 теңгені құрайды», - деді Үкімет басшысы.

Сондай-ақ, ол «Самұрық-Қазына» компаниясы көпшілікке қажет екендігін атап өтті.

«Бұл күрделі жұмысты бастайық. Экономика министрлігі мен «Самұрық-Қазына» қорына Бас прокуратурамен біріге отырып аталмыш сұрақты шешуді тапсырамын. Біз наурыз айының басында Мемлекет басшысына ұсыныс жасауымыз қажет», - деді С. Ахметов.

 




Яндекс.Метрика