Өңірлер

2014-2015 жылдары «Самұрық-Қазына» АҚ 75 бейінді емес активтер мен нысандарды шығаруды жоспарлауда

2014-2015 жылдары «Самұрық-Қазына» АҚ 75 бейінді емес активтер мен нысандарды шығаруды жоспарлауда . Бұл туралы бүгін «Самұрық-Қазына» АҚ кеңейтілген отырысында Қор төрағасы Өмірзақ Шөкеев хабарлады.
Астана қаласы 26 Ақпан, 19:20

«Қор тарапынан Мемлекет басшысының кәсіби емес активтерді алып шығу туралы тапсырмасын орындау жұмыстары жүргізіледі. Онда кәсіби емес активтер мен нысандар Топ құрамынан алынады. 2014-2015 №жылдары 75 актив пен нысанды шығару жоспарланған», - деді Ө.Шөкеев.

Жалпы, оның айтуынша, кәсіби емес активтерді шығару 5,7 млрд теңге көлеміндегі шығыннан арылуға мүмкіндік береді.

Осыған орай компаниялардағы 156 кәсіби емес активтерді мақсатты түрде сақтау шарасы да назардан тыс қалмайды.

«Қорды түрлендіру бойынша жұмыстың маңызды бағыттарының бірі Бағдарламаны күшейту болып табылады. Бұдан былай Қор мемлекет сеніп тапсырған активтерді басқаратын әкімшілік емес, белсенді инвестор ретінде жұмысын күшейтеді», - деп ол өз ойын толықтырды.

Қор қызметі екі бағытта өрбитін болады. Біріншіден - барлық деңгейдегі бизнес процестерде операциялық қызметті арттыру арқылы барлық тұрақты компаниялардан тұсетін кірісті көбейту. Екішіден - «стартаптар» мен жаңа бағыттарды дамыту арқылы табысты қоржын көлемін үлкейтуге бағыттау. 





Яндекс.Метрика