Инвестициялар

«Самұрық-Қазына» 2014 жылы 18 инвестициалық жобаны аяқтауды жоспарлап отыр

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры ағымдағы жылы 18 инвестициялық жобаны аяқтауды жоспарлап отыр, деп бүгін Премьер-Министр Серік Ахметовтың қатысуымен өткен «Самұрық-Қазына» АҚ кеңейтілген отырысында Қордың төрағасы Өмірзақ Шөкеев ағынан жарылды.
Астана қаласы26 Ақпан , 18:54

«ҮИИД МБ шеңберінде 2014 - 2016 жылдар аралығында  23,2 млрд . АҚШ долларға 18 жоба іске қосылып, 8 мың жаңа жұмыс орны ашылады. 2014 жылы олардың 6-уы іске қосылады», - деді Ө.Шөкеев.

Жалпы, оның айтуынша, 2014 жылы Қор 3,3 млрд долларға 18 инвестициалық жобаны аяқтауды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, «Самұрық-Қазына» АҚ инвестициялық қызметін өзгертіп, жобаларды қаржыландыру бойынша қарыз беру үлесін 54%-да  70%-ға дейін арттырады.

«Біз жобаларды қаржыландыру құрылымын қарап шықтық, 54% қаржыландыру сомасы мемлекетке, республикалық бюджетке, Ұлттық банк пен біздің кепілдерімізге тиесілі. Сондықтанда қаржыландырудың тиімділігін арттыру мақсатында сырттан қаржы тарту жұмыстарын арттырамыз. Осылайша  аталмыш көрсеткішті 70%-ға дейін көтереміз», - деп ол атап өтті.

 

 

 




Яндекс.Метрика