Өңірлер

«Самұрық-Қазына» қоры 2014 жылдың I маусымында Үкіметке жеке секторға шығарылатын компаниялар тізімін тапсырады

«Самұрық-Қазына» қоры 2014 жылдың I маусымында Үкіметке жеке секторға шығарылатын компаниялар тізімін тапсырады, деп мәлімдеді ҚР Үкімет басшысы Серік Ахметовтың қатысуымен өткен «Самұрық-Қазына» АҚ-ның кеңейтілген отырысында қордың төрағасы Өмірзақ Шөкеев.
Астана қаласы26 Ақпан , 18:05

«Биыл біз «Қазақстан жолы-2050»: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашық» Жолдауында айтылған Президенттің тапсырмасын орындауға жұмыс істейміз. Осының нәтижесінде қол жеткізген жетістіктер стратегиялық қадам болып табылады. Біз Мемлекет басшысының жекешелендіру бойынша кешенді жоспарын дайындайтын боламыз», - деді Ө.Шөкеев.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысының мемлекеттік кәсіпкерліктерді жеке секторға беру тапсырмасын іске асыру мақсатында «Самұрық-Қазына» қоры 2014 жылдың I маусымында Үкіметке жеке секторға шығарылатын компаниялар тізімін тапсырады.

Қазіргі таңда Қор аталмыш тізімге 80-нен астам компаниялардың атын енгізді.

Үлескер және тәуелді компаниялардағы акция пакетін іске асыруда Қор стратегиялық және портфельді инвесторларды тартуға мүдделі, сонымен қатар «Халықтық IPO» бағдарламасы аясында қор нарығына шығарылады.

Сонымен қатар, Ө.Шүкеевтің айтуынша, Қор Үкіметпен бірігіп бір ай уақыт ішінде «Халықтық IPO» бағдарламасын іске асыру бойынша ұсыныс енгізеді.




Дерекнама

Яндекс.Метрика