Құқық қорғау органдары мен арнаулы қызметтерді реформалау

Астанада құқық қорғау органдары үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

Құқық қорғау органдары үйлестіру кеңесінің отырысында ведомствоаралық комиссияның құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмысқа қарсы күрес жұмыстарының қорытындысы шығарылды. Бұл жөнінде Астана қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлайды.
Астана қаласы05 Наурыз , 00:00

Отырысқа қала әкімдігі мен құрылымдық бөлімшелерінің лауазымды тұлғалары, Астана қаласы ІІД және ішкі істердің аймақтық басқармаларының өкілдері қатысты. 

«Талқылау барысында кеңес қатысушылары елордадағы қылмыстың алдын алу бойынша іс-шаралар жоспарының тиімді іске асыуна бағытталған ұсыныстар енгізді», – делінген хабарламада. 

Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарды дайындау туралы шешім қабылданып, қылмыстың алдын алу мәселелері бойынша құқықтық актілер мен заңнамаларға өзгерістер енгізу ұсынылды. 

Отырысқа қатысушылар діни экстремизмге қарсы іс-әрекет, жарылғыш заттардың компоненттерін дайындайтын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жауапкершілігін қатаңдату жұмыстарының жақсарғанын айтты.  




Яндекс.Метрика