«ЖОО автономды тәртіпке ауыстыру – менің ойымша, бұл дұрыс қадам. Өйткені бұндай жүйе университеттерге белгілі бір деңгейде еркіндік береді», - деді ректор.
Алайда, ректордың айтуынша, бұл дегеніңіз, университеттерді тек топ-менеджерлер ғана басқармақ.
«Бұл, бәрінен бұрын мемлекеттің қамқорлығынан шығу. Мемлекет университеттің саясатына араласпайтын болады. Бұның орнына бұл қызметті қауымдастық өкілдері мойындарына алып, бақылау кеңесі атқарады», - деді ЖОО басшысы.
Енді, ЖОО ректорының айтуынша, бақылау кеңестері университеттердің даму стратегиясын анықтап, қаржылық мәселелерді шешіп, топ-менеджерлерді сайлайды.