Инновациялар

ШҚО-ның Бесқарағай ауданында ағаш қалдықтарын кәдеге жарату бойынша шағын зауыт іске қосылады

ШҚО-ның Бесқарағай ауданында ағымдағы жылдың жазында Л.Н. Гумилева атындағы ЕҰУ Инновациялық паркі жобаларының бірі ағаш қалдықтарын кәдеге жарату бойынша шағын зауыт іске қосылады. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ өткен брифингте Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Инновациялық паркінің директоры Владимир Ким мәлім етті.
Шығыс Қазақстан26 Ақпан , 17:00

«Шығыс Қазақстан аумағында бірнеше жобаларды іске қосу жоспарланған. Мәселен, өнімділігі жылына 7 мың текше метр болатын, ағаш қалдықтарын кәдеге жарату бойынша шағын зауыт пайдалануға беріледі. Ол ШҚО-ның Бесқарағай ауданында орналасады. Бұл стартап аясында жүзеге асырылып жатқан пилоттық жоба.  Зауыт осы күнге дейін ормандарда жиналып қалған миллиондаған текше метр қалдықты кәдеге жаратуға арналған», - деді В.Ким.

Сонымен қатар, ол, шағын зауыттың техникасы мен құрылымын атап өтті. Бұл Н. Гумилева атындағы ЕҰУ Инновациялық паркі қызметкерлерінің жаңалығы болып табылады.

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика