Инновациялар

ЕҰУ инновациялық паркі Қызылорда облысында бірқатар жобаларды дайындады

Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ инновациялық паркі - Қызылорда облысының инновациялық даму стратегиясының негізі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ инновациялық паркінің директоры Владимир Ким хабарлады.
Астана қаласы26 Ақпан , 16:45

«Инновациялық парк Қызылорда облысындағы инновациялық даму стратегиясын дайындады. Оның аясына енген бірнеше жобаны ерекшелеп  алдық. Бұл 300 мегаваттық  күн – жанармай бекетінің құрылысы, бұл энергияның үлкен ағымы және ол бірінші кезекте энергетикалық энергияның металлургиялық кластеріне жұмсалатын болады», - деді В. Ким.

Екінші жоба, биоплантация негізінде  «Оазис»  жобасы. Ол агроөндірістік кешенмен тікелей байланысқан. Энегияның жаңартылмалы көзін дамыту мен әлеуметтік деңгейдің өсуіне бағытталған.

 «Яғни, осы жоба арқылы біз осы аумақта өмір сүретін адамдардың өмір сүру деңгейін көтеруді мақсат етеміз. «Оазис» жобасында фермалар, жанармай, сүт, ет өнімдері зауыттары мен өз энергокөздерін қамтып, қалдық өңдеу станциялары болады», - дейді В.Ким.

В.Кимнің айтуынша, бұл өңірде тағы бір осы сынды жоба қолға алынады. Ол күріш қалдықтарынан қағаз өндіру фабрикасы құрылысы. Келесі жоба – «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» жолындағы «А» топтық жол бойы кешендері құрылысы.




Яндекс.Метрика