Білім беру

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ ТМД елдеріндегі үздік ЖОО атанды – Е.Сыдықов

Қазіргі таңда Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті болып саналады. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде оқу орнының ректоры Ерлан Сыдықов мәлімдеді.
Астана қаласы26 Ақпан , 16:35

«Біздің университет өзгелерге үлгі. Таяуда ғана біз үлкен қуанышқа кенелдік. Халықаралық рейтингтік агенттік алғаш рет соңғы 50 жылда құрылған университеттердің рейтингін жариялады. Мыңдаған университеттерден құралған осы рейтингте біз үздік 50-лікке ендік. Нақтырақ айтсақ 32 орынға табан тіредік. Университетіміздің жыл санап қарыштап дамып келе жатқанын өзгелер де мойындап отыр. Бұл өзіміздің тарапымыздан әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына ену жолында жасаған қадамымыз», - деді ректор.

Айта кету керек, рейтингтік жалпы тізімінде Гонконг, Сингапур, Оңтүстік Корея, Малайзия, АҚШ, Испания мен өзге мемлекеттердің ЖОО бар.

Сонымен қатар, университет білім сапасын қамтамасыз ету бойынша Тәуелсіз қазақстандық агенттіктің зерттеу қорытындысы бойынша Қазақстандық жоғары оқу орындары арасында екінші жыл қатарынан бірінші орыннан көрінді.  

Webometrics рейтингісіне сай,  ЕҰУ Қазақстан бойынша бірінші орын алса, әлемдік деңгейде 2 213 орында (22 000 арасынан) және Азияда 729 орында (7508 арасынан).

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика