Инновациялар

Қарағанды облысы инновациялық белсенділік бойынша үздіктердің үштігіне енді

Қарағанды облысы инновациялық белсенділік бойынша үздіктердің үштігіне енді, бұл туралы аймақ басшысы Бауыржан Әбдішевтің есептік кездесуінде мәлім болды.
Қарағанды26 Ақпан , 15:45

Өз кезегінде облыс әкімі Бауыржан Әбдішев аймақта кәсіпкерлік саласы дамып келе жатқандығын айтты. Ол жаңа жобалардың бастамаларына септігін тигізбек.

«Техникалық дамыту ұлттық агенттігі» АҚ ақпаратынша, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, «НАТР» АҚ қолдауының арқасында облыста 63,2 млн теңгенің 29 жобасы қаржыланған. Оның ішінде инновациялық грант  аясында 377,995 теңгенің 23 жобасы мен 62,8 млн теңгенің 6 жобасы  технологиялық бизнес – инкубациялық бағдарламасы аясында жүзеге асырылған.

«НАТР» АҚ  мәліметіне сәйкес 2013 жылдың қорытындысы бойынша Қарағанды облысы инновациялық белсенділік бойынша үздік үштіктің қатарына енді. 




Яндекс.Метрика